ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдады.
Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.
Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.
Сонымен қатар ЖХӨЖ депутаттары Хань Чжэнді ҚХР төрағасының орынбасары лауазымына сайлады.
Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өтті.
5-13 наурыз аралығында Бейжіңде жыл сайынғы ЖХӨЖ сессиясы өтіп жатыр.