Қоғам • 10 Наурыз, 2023

Қазақстанға есірткі әкелмек болған шетелдіктер ұсталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдау дерегі бойынша үш шетелдікке және бір Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға есірткі әкелмек болған шетелдіктер ұсталды

«2023 жылғы ақпанда Маңғыстау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты есірткі қылмысына қатысушыларды ҚР ҚК-ның 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды»,  делінген хабарламада.

Сотталушылар 2022 жылдың тамызында Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған әрекеттері үшін ұсталған.

«Шетелдің азаматтары мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған. Есірткі көзге түсу қауіп төмен, яғни түн мезгілінде тасымалданған. Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутниктық байланыс құралдарын пайдаланған», делінген хабарламада.

Сот барысында сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденгені айтылды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр.