Қаржы • 10 Наурыз, 2023

Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт көлемі артты

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жыл сайын экспорт көлемін ұлғайтып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, экспорт көлемі 2022 жылы да өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт көлемі артты

Өткен жылы Қазақстан  әлемнің барлық елдеріне экспортты 40 пайызға, 2021 жылғы 60 миллиардтан 2022 жылы 84 миллиардқа дейін, ал импортты 2021 жылғы 41 миллиардтан 2022 жылы 50 миллиардқа дейін (20 пайызға) арттырды. Экспорттың ұлғаюы өткен жылы мұнай сатылымының 11 миллиардқа артуына байланысты, яғни рента есбінен емес, табиғи өндіріс есебінен өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы Қазақстаннан ЕЭО елдеріне 9,7 миллиард долларға тауар экспортталды, оның 8,7 миллиард доллары Ресей Федерациясына экспортталған.

Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш ЕЭО елдері үшін 7,8 миллиардты және Ресей үшін 7 миллиардты құраған болатын.