Білім • 10 Наурыз, 2023

Оқушыларға арналған «Буктрейлер» республикалық байқауы басталды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда оқушыларға арналған «Буктрейлер» республикалық байқауы басталды, деп хабарлады Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушыларға арналған «Буктрейлер» республикалық байқауы басталды

Байқау халықаралық балалар кітабы күніне арналған. Оған жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін оқушылар Instagram желісіндегі жеке парақшасында сүйікті кітаптары туралы бейнеролик жариялауы керек. Сонымен қатар @orken_instituty аккаунтын белгілеп,  #читаемвместесөркен#өркеноткрытаякнига хэштегін пайдалауы қажет.

Айта кетейік, байқауды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұйымдастырып жатыр.