Саясат • 10 Наурыз, 2023

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс басталды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдері арасындағы пікірталас басталды. Пікірсайыс КТК телеарнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыс басталды

Пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысып жатыр.

Саяси партия өкілдері арасындағы пікірсайысты КТК телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның YouTube, Facebook парақшаларынан көруге болады.