Оқиға • 11 Наурыз, 2023

Магнит шарын жұтып қойған екі жасар балаға ота жасалды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда екі жасар бала магнит шарды жұтып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Магнит шарын жұтып қойған екі жасар балаға ота жасалды

Дәрігерлер балаға ота жасады. Ота арқылы бала жұтып қойған шарды алып тастады. Баланың соқыр ішегін де алып тастауға тура келген. 

«Бақытымызға орай, бәрі жақсы өтті. Егер магнит шары асқазанда  ұзақ уақыт тұрып қалса, оның салдары әлдеқайда ауыр болар еді», деді Қостанай балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі.

Дәрігерлер ойыншықтарға абай болу  керегін айтты. Дүкендегі  қарапайым, кішкентай ойыншықтар балаларға өте қауіпті.