Экономика • 12 Наурыз, 2023

Қазақстан Бразилиядан сиыр етін импорттауға тиым салды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латын Америкасында ірі қара малдардан ауру табылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қазақстан Бразилиядан ет өнімдерін импорттауға 1 жылға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Бразилиядан сиыр етін импорттауға тиым салды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті сиыр еті мен одан жасалған өнімдерді әкелуге уақытша шектеу енгізді. Тыйым тек Бразилиядан келетін етке қолданылады. Бұған дейін Латын Америкасы елінде  ірі қара малдың губка тәрізді энцефалопатиясы (BSE) анықталғаны туралы ақпарат тараған.

Сарапшылардың пікірінше, шектеу шаралары өнім бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Өйткені Қазақстан Бразилиядан сиыр етін төмен бағаға  сатып алады. Импортқа тыйым  салғандықтан баға 20-30 пайызға дейін көтеріледі.