Әлем • 12 Наурыз, 2023

Қытай Парламенті Үкіметтің жаңа құрамын бекітті

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы премьер-министрдің жаңа орынбасарларын, Мемлекеттік кеңес мүшелерін, министрлер мен комитет басшыларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай Парламенті Үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Үкіметтің жаңа құрамын 11 наурызда тағайындалған премьер-министр Ли Цян ұсынды.

Синьхуа ақпараттық агенттігінің мәліметінше, премьер-министр орынбасарларының құрамы толығымен жаңартылды. Бұл лауазымдарды Дин Сюэсян, Хэ Лифенг, Чжан Гоцин және Лю Гожонг иеленді. Мемлекеттік Кеңестің мүшелері Ли Шанфу, Ван Сяохун, У Чжэнлун, Шен Ицин, Цин Ган болды.

2022 жылдың желтоқсанында Қытайдың Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Цинь Ганг өз қызметін сақтап қалды. Сонымен қатар мемлекеттік қауіпсіздік министрі Чен Исин, Қаржы министрі Лю Кун және сауда министрі Ван Вэнтао өз қызметтерінде қалды. 

Бұған дейін депутаттар Ли Цянды үшінші мерзімге сайланған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ұсынысы бойынша премьер ретінде бекітті.