Медицина • 12 Наурыз, 2023

Қазақстан әлемдік фармацевтика компанияларымен ынтымақтастық орнатады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бірлескен кәсіпорындар ашып, әлемдегі жетекші фармацевтикалық компаниялардың өндірісін локализациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан әлемдік фармацевтика компанияларымен ынтымақтастық орнатады

Қазіргі кезде Hoffmann-La Roche (Швейцария), Pfizer (АҚШ), Novo Nordisk (Дания), Takeda (Жапония), SK Plasma (Оңтүстік Корея) компанияларымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы  Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі шығарылатын дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтты.

Бірақ Премьер-министрдің айтуынша, ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмектердің үлесі баяу өсіп жатыр. Қазір ол 28 пайызды құрайды. Алдағы уақытта оны 50 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.