Спорт • 13 Наурыз, 2023

ЕУРО-2023: Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу турниріне қатысады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21-26 наурыз аралығында Молдованың Чореску қаласында өтетін футзалдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕУРО-2023: Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу турниріне қатысады

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінде 1-топқа түскен болатын. Қарсыластары – Польша, Молдова және Словения. Топ жеңімпазы 4-11 қыркүйек аралығында Хорватияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан жасөспірімдерін алдағы іріктеу ойындарына ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака бастап барады. Жаттықтырушылар штабы 13-20 наурыз аралығында Алматыда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 17 ойыншы енді:

Қақпашылар: Рауан Сисенғалиев («Рахмет»), Денис Шолубай («Қайрат»), Эмиль Нигматзянов («Тұлпар»);

Алаңдағы ойыншылар: Батырхан Кенжеғали, Дамир Қайырбай (екеуі де - «Ақтөбе»), Артем Черненко, Абай Қабдешов, Иван Марахов (барлығы - «Аят»), Алмаз Максутов, Әлішер Нұрин (екеуі де - «Бәйтерек»), Жайық Құдайберген, Александр Дерябин, Мейіржан Кешубаев (барлығы - «Қайрат»), Руслан Үргенішбаев («Рахмет»), Олжас Калгужинов, Георгий Калачев, Тимур Мәлібеков (барлығы - «Тұлпар»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Аслан Смақов – бас бапкердің көмекшісі, Гордей Янов – қақпашылардың жаттықтырушысы;