Қоғам • 13 Наурыз, 2023

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті атанды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті атанды

Елорда әкімі Алматыда өткен әлем чемпионатында жылдам шахматтан (рапид) күміс жүлде алған шахматшы Динара Сәдуақасованы жарқын жеңісімен құттықтады.

Динара Сәдуақасова Астана қаласының әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, спорттағы мансабына байланысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек әлемдік шахмат додаларында ел намысын алдағы уақытта да лайықты деңгейде қорғай беретініне сенім білдіріп, тек биіктен көрініп, жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, бүгін Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Ол бұл туралы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Осы мақсатта мен шахматты одан әрі насихаттап, дамытуға, маған артқан сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ақтауға тырысамын. ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімім мен энергиямды шахматтың көркеюіне жұмсаймын», деп жазды Динара Сәдуақасова.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025