Сайлау • 13 Наурыз, 2023

ОСК сайлау бюллетенінің 5 түрін ұсынды

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлауда дауыс берушілерге 5 түрлі бюллетень ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК сайлау бюллетенінің 5 түрін ұсынды

Партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері көк түсті болып белгіленді.

..

Ал бірмандаттық округ бойынша жасыл түсті бюллетеньдер белгіленді.

..

Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі - күлгін.

.

.

Ал бірмандаттық округ бойынша сайлау бюллетені - қызылсары түсті.

.

.

Бірмандаттық округ бойынша қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бюллетеннің түсі сұр болып белгіленді.

.

.