Сайлау • 13 Наурыз, 2023

Сайлау комиссиясының құрамына кімдер кіре алмайды?

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОСК өкілдері сайлау комиссиясының құрамына кіре алмайтын адамдардың санаттарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау комиссиясының құрамына кімдер кіре алмайды?

Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:

1. Соттылығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

2. Сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;

3. Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқаратын адамдар;

4. Мемлекеттік саяси қызметкер лауазымындағы адам;

5. Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар;

6. Қазақстан Республикасы соттарының судьялары;

7. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.