Спорт • 13 Наурыз, 2023

Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғарылады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың желтоқсанында әлем чемпионы атанған 16 жастағы қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев Халықаралық жасөспірімдер рейтингінің жаңартылған нұсқасында жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғарылады

13 наурызда ITTF (Халықаралық үстел теннисі федерациясы) рейтинг кестесі бойынша қарағандылық спортшы өз позициясын біршама жақсартты. Бұған Аланның Португалиядағы жеңісі себеп болды. Еске сала кетсек, жас дарын WTA Youth Contender турнирінде екі алтын медаль жеңіп алған.

Жаңа әлемдік рейтингте Құрманғалиев 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында 5-ші орында тұр, бұрын ол 10-шы орында тұрған еді. Ал 19 жасқа дейінгі теннисшілер арасында қарағандылық 22-ші орыннан 12-ші орынға көтерілді.