Әлем • 13 Наурыз, 2023

Джо Байден банк дағдарысына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Джо Байден 13 наурызда банк дағдарысына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джо Байден банк дағдарысына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады

АҚШ Президенті Джо Байден Америка азаматтарын АҚШ банк жүйесіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді.

АҚШ Президенті барлық депозиттер кез келген жағдайда қолжетімді екенін және банкрот банктердің басшылары жұмыстан шығарылатынын айтты.

«Америкалықтар АҚШ-тың банк жүйесінің қауіпсіздігі үшін еш алаңдамаса болады. Ал банкротқа ұшыраған банктердің басшылығы жұмыстан шығарылады», деді Джо Байден банк дағдарысына байланысты жасаған шұғыл мәлімдемесінде.

Байден орын алған мәселеге байланысты салық төлеушілер шығынға ұшырамайтынын да жеткізді. 

Бұған дейін АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі - Silicon Valley Bank, сондай-ақ Signature bank банкроттыққа ұшырағаны белгілі болды.

Сондай-ақ АҚШ-тың реттеуші органы банкроттық салдарының алдын алу үшін Силикон алқабындағы банктің барлық салымшыларын қорғайтыны хабарланған болатын.