Туризм • 14 Наурыз, 2023

Қазақстан әлемдегі ең қонақжай елдер тізімінде 56-шы орында

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Passport Index әлемдегі ең қонақжай елдер рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан әлемдегі ең қонақжай елдер тізімінде 56-шы орында

Қазақстан паспорт индексі жариялаған әлемнің ең қонақжай елдерінің рейтингінде 56-шы орында. 

Бірінші орында 20 ел бар. Барлығы бірдей 198 ұпай жинаған. Оларға Мальдив аралдары, Габон, Эфиопия, Микронезия, Сомали, Руанда, Тувалу, Камбоджа және т.б.

Қазақстан Мароккомен бірге 56-шы орында тұр. Екеуі де 77 ұпай алған. Қазақстанға 37 елдің азаматтары визасыз кіре алады. Ал 51 елдің азаматтарына виза алуға рұқсат берілген. 

Қырғызстан бізден бір саты жоғары тұр. Ал Ресей 64-ші орында. Соңғы орынға Солтүстік Корея, Түрікменстан және Ауғанстан елдері тұрақтады. Бұл мемлекеттерге визасыз ешкім кіре алмайды.

2021 жылы Қазақстан рейтингте 57-ші орынға ие болған.