Тағайындау • 14 Наурыз, 2023

Тимур Каленов елордалық БҚДА департаментіне басшы болып тағайындалды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығымен Тимур Әлібекұлы Каленов Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тимур Каленов елордалық БҚДА департаментіне басшы болып тағайындалды

Тимур Каленов 1986 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.

2008 жылдан 2015 жылға дейін жеке және квази-мемлекеттік секторларда заңгер лауазымында және заң бөлімшелерінде басшы болып жұмыс істеді.

2015-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша бас маманынан бастап Департамент басшысының орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2021 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу департаменті директорының орынбасары болған.

2023 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.