Әділ Ахметов бұл жолғы сайлауға халқына шын жанашыр азаматтардың қатысып жатқанын атап өтті.
«Баршаңызға мәлім 19 наурыз күні елімізде үлкен науқан - сайлау өтпекші. Осы орайда баршаңызды сайлауға қатысып, өз дауыстарыңызды берулеріңізді сұраймын. Әрине, болашақ әрқайсымыздың қолымызда. Немқұрайды қарамай, өз таңдауымызды жасайық! Бұл сайлауға көптеген ет жүрегі елім деп соғатын, халқының қамын ойлайтын азаматтар қатысып жатыр. Соларды қолдаңыздар, дауыстарыңызды беріңіздер!» деді ол.