Өнер • 14 Наурыз, 2023

Шындық бейнеленген картина

517 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде Қазақстандағы Испания корольдігі елші­лігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық» атты көрмесі ашылды.

Шындық бейнеленген картина

Көрменің мақсаты – келуші­лерді испан мәдениетімен таныстырып, сондай-ақ Хосе Ма­­рия Каноның көркемдік ше­­берлігін көрсетіп және бола­шақ суретшілердің энкаус­ти­ка техникасына деген қызы­ғу­шылығын ояту.

Іс-шараның ашылуында Қазақстандағы Испания ко­роль­дігінің Төтенше және өкі­лет­ті елшісі Хорхе Урбиола Ло­­пес де Монтенегро аталған көр­­менің екі елдің мәдени дос­тығын одан әрі жақындата түсе­тінін жеткізді.

–  Өнер – халықтарды жақын­дастырып, біріктіре түседі. Хосе Мария Кано – таза өнердің иесі. Оның шығармашылығында ай тақырыбы ерекше орын алған. Суретші қазақ халқының тазалығы мен шынайылығын жоғары бағалайды. Бір жағынан, бұл қасиет – екі халықтың дос­тығын нығайтады. Бүгінгі шара – суретшінің екінші рет өтіп отыр­ған көрмесі және соң­­ғысы болмайды деп үміт­те­неміз, – деді елші.

Хосе Мария Кано – испан еліндегі айтулы сурет­ші­лер­дің бірі. Оның шығармашы­лығының өзгеше қырлары тура­лы Хью­го Рифкинд өз ма­қа­ласында: «Кано еңбектері те­рең­­дігімен, таза­лы­ғымен дара­ланып тұрады. Сондықтан ол картиналарға қа­рағанда мү­сінге көбірек ұқ­сайды», деп жазыпты.

Көрмеде көпшілікті сурет­шінің ерекше жұмыс істеу техникасы таңғалдырды. Ма­териалға күйдірілген балауыз бояуларымен кескіндеу әді­сі ежелгі Мысырда кеңірек қол­­данылған. Мысырлық қол­­­өнер­шілердің балауызды қол­­дануы мумияларды боя­ған­­да қанша уақыт өтсе де өз­гер­мейтіндігінен туындапты. Осы мақсатта балауыз бояуға қосылған шайыр секілді рөл атқарған. Жазбаша деректерде энкаустика техникасы туралы мәліметтің аздығына қара­мас­тан, бүгінге дейін оған қы­зығушылық азайған емес.

Айта кетейік, аталған көр­ме 27 наурызға дейін жал­ғасады.