Спорт • 14 Наурыз, 2023

Шәріпова шаршы алаңға шығады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 мамырда Таразда кәсіпқой бокс­тан халықаралық турнир өтеді. Сол жарыс­та Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Фируза Шә­ріпова да өнер көрсетеді.

Шәріпова шаршы алаңға шығады

Айшықты өнерімен жанкүйерлер жүрегін жаулап алған 28 жастағы Жамбыл бокс мектебінің түлегі кәсіпқой рингте 17 кездесу өт­кізіп, 15 рет жеңіске жетті. Сегіз бәсекеде айқын басымдық танытты. Оның қарсыласы – Рут Чисейл. Малави өкілінің де жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толды. Ол 14 жекпе-жектің тек екеуінде ғана ұтылды. Жеті қарсыласын есінен тандырды.

Тараздағы бәсекеде бағы жанған боксшы 36 жастағы Ирландияның өкілі, Олимпиада чемпионы, бірнеше салмақ дәрежесі бойын­ша абсолютті әлем чемпионы Кэти Тейлормен күш сынасу құқығына ие болады.