Мәселе • 15 Наурыз, 2023

Бағдат Мусин Роскосмостағы мәселеге қатысты пікір білдірді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық қаржы орталығының соты ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығынан берешекті өндіріп алуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдат Мусин Роскосмостағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Бағдат Мусин Роскосмосқа қатысты сұраққа жауап берген кезінде айтты. Министр бұл мәселе Байқоңыр кешенінің меншігіне емес,  Қазақстан аумағындағы меншігіне қатысты екенін нақтылады.

«Бір жағынан - «Бәйтерек «БК» АҚ, екінші жағынан - ЦЭНКИ. Олардың АХҚО төрелік сотында сот процестері болды, оның қорытындысы бойынша АХҚО белгілі бір шешім шығарды, нәтижесінде сот орындаушысы Қазақстан Заңы бойынша өз іс-әрекетін жасайды, бұл бүкіл «Байқоңыр» кешенінің мүлкіне және т.б. қатысты емес, бұл ЦЭНКИ-ге, оның Қазақстан аумағындағы мүлкіне қатысты», деп түсіндірді Мусин Үкімет кулуарында.

Бағдат Мусин мәселенің шешу жолдарын қарастырып жатқанын атап өтті.

«Бұл шешім қабылданды, болды дегенді білдірмейді. Белгілі бір сот процестері одан әрі жалғасады. Және менің ойымша, сот органдары дұрыс шешім шығарады. Сот шешімі шықты, бірақ одан әрі процестер жалғасады, менің білуімше, қазір ЦЕНКИ басшылығы Қазақстанда, олар компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр және АХҚО соты деңгейіндегі процедураларды жалғастыру керек», деп атап өтті министр.