Эскива Фалькао жақын арада рингке QAZAQ STYLE-мен шыққысы келетінін айтты. Ал бұған дейін ол Австралия өкілі Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы тиіс еді.
Бірақ Майкл Зерафа WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасуды жоспарлап отыр.
Осы жағдайға байланысты Эскива Фалькао шаршы алаңға шығудың бір ғана жолын тапқан көрінеді.
Айта кетейік, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулері қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болды. Жақында GGG Эскива Фалькао мен Эрисланд Лараға қарсы жекпе-жекте титулдарын қорғаудан бас тартқаны белгілі болды.
Енді қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жауабын күтеміз. Біраз уақыт бұрын екі боксшы бірлескен жекпе-жек өткізуді қарастырып жатқаны хабарланған еді, бірақ мәселе жалғасын таппады.