Сайлау • 15 Наурыз, 2023

Астана және Алматы сайлау округтерінде бәсеке басым

157 рет көрсетілді

Бірмандаттық округтер бойынша Парламент Мәжілісіне 385 кандидат тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана және Алматы сайлау округтерінде бәсеке басым

Бұл туралы Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіровтің 13 наурыздағы жағдай бойынша жасаған мәлімдемесінде айтылған.

Ең үлкен бәсекелестік Астана және Алматы сайлау округтерінде байқалады. Бұл аймақтарда бір мандатқа 38 және 40, сондай-ақ 30, 28 және 27 кандидат тіркелген. Тіркеу қорытындысы бойынша ең аз бәсекелестік Түркістан облысының №25 округінде – мұнда бір мандатқа 4 кандидат.

Айта кетейік, бастапқыда елордадағы №1 және №2 сайлау округіне 63 үміткерден ұсыныс түскен еді. Сондай-ақ Алматы қаласындағы №3, №4 және №5 сайлау округінде де кандидаттар үлесі басым болған.