Әйелдердің зейнетке шығу жасы қаңтар айында 61 жас болып бекітілген.
«2018 жылдан бастап заңға өзгерістер енгізілген. Бүгінде ол әйелдер 58 жастан асып кетті. Қазір олардың саны 500 мыңнан асты. Егер біз норманы қайтарсақ, онда сол азаматтардың бәрінің зейнетақысын қайта есептеуіміз керек. Қайта есептеу зейнетақы мөлшерінің көбеюіне емес, керісінше, азаюына алып келеді. Осындай тәуекел болмас үшін зейнет жасын 61 жас дұрыс деп тоқталдық», деді Тамара Дүйсенова.
Ал өзгерістер тек 5 жылдан кейін болуы мүмкін.
Енді алдағы 5 жыл ішінде жалпы азаматтардың зейнетке шығу жасы өмір сүру ұзақтығы мен зейнетақының деңгейіне байланысты болады. Сондықтан алдағы 5 жылда денсаулық сақтау саласында үлкен ұлттық жоба жүргізілгелі жатыр. Оның негізгі мақсаты – ауылдарда медицинаны жақсарту, көпсалалы ауруханаларды көбейту яғни мамандандырылған медициналық көмекті азаматтарға жеткізу, телемедицина, ерте скрининг сияқты мәселелерді қарастыру. Осы жұмыстардың нәтижесінде ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру жасы ұзарса, онда 2029 жылдан кейін (зейнет жасын ұлғайту мәселесі – авт.) қайта қаралады. Егер жағдай дәл осылай қалып, керісінше (өмір сүру жасы) төмендесе, әрине, мәселе қарастырылады», деді министр.