Әлем • 15 Наурыз, 2023

Сайланғаннан бері жұмысқа бармаған жапондық депутат парламенттен шығарылды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атақты ютубер осыдан 7 ай бұрын Парламент депутаты болып сайланған. Бірақ содан бері бірде-бір рет жұмысқа бармаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайланғаннан бері жұмысқа бармаған жапондық депутат парламенттен шығарылды

Ёсикадзу Хигаситаниді сенаттағы әріптестері жұмысқа шықпағаны үшін депутаттық мандатынан айыруды талап етті. Ол осы қызметке сайланғаннан бері Парламент отырыстарының біреуіне де қатыспаған. Парламенттің Тәртіптік комитеті оның депутаттық мәртебесін алып тастады.

Сайлаушылар Хигаситаниді өткен жылы шілдеде жоғарғы палатаға депутат етіп сайлаған. Ол көпшілікке YouTube желісінде GaaSyy деген атпен танымал.

«Жұмысқа келмейтін депутат» деген лақап атқа ие болған азамат Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады.

Жапондық БАҚ-тың хабарлауынша, ол осы уақытқа дейін Парламентке барудан бас тартқан. Ол Сейджика-джоши-48 оппозициялық партиясынан сайланған екі депутаттың бірі болған.

Өткен аптада парламент өкілдері Ёсикадзу Хигаситаниден көпшіліктен кешірім сұрауын талап етіп, бұл оған соңғы мүмкіндік болатынын ескерткен. Бірақ Ёсикадзу Хигаситани пленарлық отырысқа қатысқан жоқ. Оның орнына ол өзінің YouTube арнасында Түркияға баратынын және жалақысын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмекке беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Оның жұмысқа келмеуі сенаттың ашуын туғызды. Бәрі бірауыздан оны орнынан алып тастауға дауыс берді. 

Соңғы жаңалықтар