Қаржы • 15 Наурыз, 2023

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу екі есе өсті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің мәліметінше, төлем ұйымдарының сервисі арқылы жасалған операция көлемі 1,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу екі есе өсті

Соңғы жылдары төлем ұйымдары жүргізген операция көлемі тұрақты өсу динамикасын көрсетіп отыр. 2022 жылы төлем ұйымдарының сервисі арқылы жүрген ақша айналымы 6 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 73,3 пайызға көп. 2022 жылы жасалған транзакциялар саны 597,3 млн-ға жетіп, 12,0 пайызға өсті.

Нарықта жұмыс істейтін барлық төлем ұйымдарының елеулі үлесі (ақша айналымының 87 пайызы) 15 төлем ұйымына тиесілі.

.

2022 жылы айтарлықтай өсім клиенттердің мобильді құрылғылар мен интернет арқылы жүргізген операцияларында байқалды. Барлығы 3 110 млрд теңгеге 251 млн операция жүргізілді (2021 жылмен салыстырғанда 2 есе көп).

Қолма-қол ақшаны қабылдауға қатысты төлем ұйымдары 1 983 млрд теңгеге 168,4 млн операция жүргізді. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 39,1 пайызға жоғары.

Сонымен қатар электронды ақшамен жасалған операцияларда да өсім бар. 2022 жылы бұндай операциялардың барлығы 514,6 млрд теңгеге жүргізілді.

.

Төлем ұйымдарының аумақтық шоғырлануы: төлем ұйымдарының 86,7 пайызы – Алматы қаласында, 7,6 пайызы – Астана қаласында, Қарағанды, Қонаев бойынша – 1,9 пайыздан, сондай-ақ Шымкент пен Рудный бойынша – 1,0 пайыздан орналасқан.

.

 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше