Әлем • 15 Наурыз, 2023

АҚШ-та жарық көрген жинақ

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nazarbayev University-де жара­ты­лыс­тану, әлеуметтік және гумани­тарлық ғы­лымдар мектебінің профес­соры Гүлнәр Омарбекованың «Қа­зіргі қазақ мақал-мәтелдерін зерттеу: цифрлық, танымдық, әдеби және эко­логиялық бағыттар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Зерттеу жинағы Питер Ланг (Нью-Йорк) баспасынан былтыр жарық көрді.

АҚШ-та жарық көрген жинақ

Мазмұнды іс-шараға Nazarbayev University-дің академиялық істер жөніндегі вице-про­восты Лоретта О’Доннелл және кітапхана бас сарапшысы Петр Михайлович Лапо қатысты. Олар аталған еңбекті қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымы, семантикасы, когнитивті, лингвомәдени ерекшеліктері, прагматикасы және БАҚ беттерінде трансформациялануы мен цифрлануы сияқты өзекті тұстарын тереңдете зерттеген ғылыми жұмыс деп бағалады.

Сондай-ақ таныстырылымда сөз алған басқа да ғалымдар қазақ мақал-мәтелдерінің ұлттық табиғатын сипаттайтын жинақ отандық және Батыс әдістемесін біріктіріп, қазақ ғалымының бірегей зерттеуін әлемге танытатын алғашқы еңбек екенін жеткізді. Атал­ған кітап биыл Scopus дерекқорына ен­ген.

Сонымен қатар іс-шара барысында ән айтылып, күй шертілді. Әсіресе Жанар Әб­діғапарова шырқаған халық әндері келген қонақтарды жылы әсерге бөледі.