«Қайрат» пен «Каспий» арасындағы ойында алғашқы екі голды алаң иелері соқты. 21-минутта Вячеслав Швырев пен 44-минутта Артур Шушеначев нысананы дәл көздеді. Бірінші тайм аяқталар тұста Талғат Кусяпов есеп айырмашылығын қысқартты. Ал 70-минутта Жоао Пауло матчтың соңғы нүктесін қойды – 3:1. «Ордабасы» «Жетісудың» қақпасына жауапсыз екі доп салды – 2:0. Екеуі де легионерлер – Бобыр Абдихоликов пен Шохбоз Умаровтың еншісінде. «Қайсар» мен «Ақсу» тең тарасты – 2:2. Қызылордалықтар қатарынан Виталий Приндета мен Горан Милойко мергендік танытса, ақсулықтар арасынан Брайан Сильва мен Мирас Тұрлыбек нысананы дәл көздеді. «Тобыл» «Шахтерді» 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта Игорь Сергеев дубль авторы атанса, Айдос Тәттібаев бір мәрте допты торда тулатты.
Елорда төрінде «Ақтөбе» атой салды. 18-минутта Максим Самородов және 40 пен 50-минуттарда Андрия Филипович алаң иелеріне ойынды алаң ортасынан бастауға мәжбүр етті. 77-минутта Абзал Бейсебеков есеп айырмашылығын қысқартқанымен, ойынның соңында Абылайхан Жұмабек қонақтарды тағы бір мәрте қуантты. Есеп – 1:4.