Осы күнге дейін Еуропа құрлығы бойынша әлемдік доп додасына қатысатын 16 команда анықталып қойған еді. Олар – Әзербайжан, Армения, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан, Польша, Португалия, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина, Финляндия, Франция және Хорватия құрамалары. Аталған елдер өкілдерінің барлығы да іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетіп, кіл мықтылар бас қосатын бәсекеде бақ сынауға лайық екендерін дәлелдеді.
10-19 сәуір аралығында Бельгия мен Мажарстан, Нидерланд пен Молдова, Швеция мен Германия, Чехия мен Литва футзалшылары күш сынасады. Осы жұптардың жеңімпаздары жоғарыдағы 16 команданың қатарына қосылады.