Қоғам • 15 Наурыз, 2023

«Қазақконцерт» – киелі Маңғыстауда

320 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі моно­қалаларды жан-жақты дамытуға бағытталған тапсырмаларына сәй­кес Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымы «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасын жалғастыруды қолға алды. Шығармашылық ұжым 2022 жылдың тамыз айынан бастап жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарына, сондай-ақ Алматы, Петропавл қалаларына барып, 17 мың шақырымдай жол жүріп өтіп, қалалар мен ауылдық жерлерде, шамамен 50 мыңға жуық көрерменге өз өнерлерін көрсетті.

«Қазақконцерт» – киелі Маңғыстауда

Дәл осы жоба аясындағы гас­трольдік сапар 13-18 наурыз күндері киелі Маңғыстау облысында бас­талды. Жоба аясындағы Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы іс-сапар бір айға созылады. Аталған жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу. Жоспарға сай ұйымның әртіс­тері мен шығармашылық ұжым­дары Маңғыстау жұртшылығына түр­лі бағыттағы концерттік бағдар­ламаларды ұсынады.

Маңғыстау облысы бойынша Ақ­­тау, Жаңаөзен қалалары, Мұ­най­лы, Бей­неу аудандары, Отпантау тарихи-мәдени кешені және Қара­жанбас, Қаламқас кенттерінде, Атырау облысы бойынша Атырау, Құлсары қалалары, Мақат ауданының Доссор және Мақат кенттері, Исатай ауда­нының Аққыстау ауылы, Құр­манғазы ауданының Құрманғазы ауылы, Қы­зылқоға ауданының Миялы ауылы және Индер ауданының Ин­дербор кентінде, Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал, Ақсай қа­лалары мен Бәйтерек, Тасқала, Жа­ңақала, Сырым аудандарында, Ақ­төбе облысы бойынша Хромтау қаласы мен Қобда, Қарғалы, Мәртөк, Мұ­ғал­жар аудандарында, Қостанай об­лысының орталығы мен Рудный мо­ноқаласында, сонымен қатар бір­­қатар аудан мен елді мекеннің хал­қына «Қазақконцерт» ұжымының әртістері өз өнерлерін паш етеді. Бұл жоба былтырғыдай облыстық әкім­діктермен және жергілікті Мә­дениет басқармаларымен бірлесіп өткізіледі.

Маңғыстау өңірінде жүрген «Қа­зақконцерт» ұжымы, ең алды­мен, он екі құлпытас ортасынан қос күмбезі көтеріліп, алтынмен ап­талған Отпантау тарихи-мә­дени кешенінде арнайы концерттік бағ­дарлама ұйымдастырды. Көрер­мен­нің қошеметіне бөленген мекеме әртістері Көрісу мерекесіне орай өңір тұрғындарының алдында ән шыр­қап, күй тартып, көтеріңкі кө­ңіл күй сыйлады. Шығармашылық ұжым халық композиторлары Ақан се­­рінің, Ықылас Дүкенұлының, Қа­зан­­ғаптың, Жаяу Мұсаның, Тәттім­беттің, Наурызбайдың, Шәмші Қал­даяқовтың, Әсет Бейсеуовтің және басқа да заманауи авторлардың әндері мен күйлерін орындады.

«Біз «Ел бірлігі – Жаңа Қазақ­стан» жобасын 2022 жылы бастаған болатынбыз. Биыл да осы үрдісті жал­ғастыра отырып, киелі батыс өңі­ріне гастрольдік сапармен келіп отыр­мыз. Президент Қ.Тоқаев өңір­лердегі мәдениеттің сапа­сын көтеріп, көркейту үшін оның қол­же­тімділігін қамтамасыз ету мәсе­ле­сін көтерген болатын. Осыған орай аталған жобаны қайтадан ұйым­дастыруды қолға алдық», деп атап өтті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мем­лекеттік концерттік ұйымы дирек­­торының шығармашылық қызмет бо­­йын­ша орынбасары Серік Нұр­молдаев.

Мұнайлы ауданында ақын Фариза Оңғарсынова атындағы орталық Мә­дениет үйінде, Қаражанбас және Қа­ламқас кен орындарында, Бейнеу ауданының тұрғындары үшін арнайы мәдени іс-шаралар көрермен назарына ұсынылады. Сондай-ақ 15 наурыз күні Ақтау қаласында гала-концерт өтеді.

Киелі Маңғыстау жеріне «Қа­зақ­концерттің» көптеген әртісі бар­ды. Атап айтатын болсақ, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайрат­кер­лері Же­ңіс Ысқақова, Айгүл Ел­ші­­бае­ва, Раушан Оразбаева, рес­пуб­­ли­ка­лық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Әли­­хан Дүй­сенбай, «Астана сазы» қазақ мем­лекеттік фольклорлық ан­самблі, «Меломен» және «T&Y» тобы бар. Сондай-ақ «Тuran» фоль­клор­лы-этнографиялық ансамблі құ­рыл­ға­нына 15 жыл толуына орай арнайы ме­рекелік концерт ұсынады.

Бұдан бөлек алдағы өтетін Аты­рау, Батыс Қазақстан және Ақ­тө­бе облыстарындағы іс-шараға Қ­а­зақ­станның халық әртісі Мақ­пал Жүнісова, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Бағдат Сәме­ди­нова, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткерлері Айжан Нұрма­ғам­бе­това, Айгүл Елшібаева, Медет Са­лықов, Клара Төленбаева, Салтанат Ахметова, Нұрболат Арзамас, «Мә­дениет саласының үздігі» Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият және Әлібек Альмадиев, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Райым Уайс, Дінисламбек Жайлаубай, Ернар Садырбай (Amre), Салтанат Меңдіғалиева, сондай-ақ «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кезең-кезеңмен 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылады. Жоба аясында 2025 жылға дейін 28 аудан, 29 моноқала, 20 облыс орталығының тұрғындары жоспар бойынша қам­тылатын болады.