Сайлау • 15 Наурыз, 2023

Ашық сайлау – халықтың қалауы

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұр. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болмақ. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. Алғаш рет сайлауға Мәжіліс депутатының мандатына үміткер жеті саяси партия қатысып отыр. Нағыз саяси бәсеке қыза түсті.

Ашық сайлау – халықтың қалауы

Партиялардың респуб­ли­калық штабы ашылып, сай­лауалды үгіт-насихат ке­зе­ңі өңірлерде жан-жақты жүр­гі­зілді. Кандидаттар бір­тін­деп халықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып жатыр. Бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан цифрлық ортада халық пен саяси партиялар арасындағы байланыс мүмкіндіктері бұрын-соңды болмаған деңгейде. Өйткені сайлауалды науқан мен кан­дидат­тар туралы ақпарат бұ­рын­­ғы­дан бірнеше есе жылдам әрі оңай таралады.

Медиа кеңістіктегі артық­шы­лықтар да анық сезіліп отыр. Әрине, бұл жерде сайлаушылармен тікелей араласу, объективті деректер негізінде сайлау додасында жеңіске жету мүмкіндігін талдау, жастарды саяси үдерістерге тарту (электоралдық белсенділікті арттыру) мүмкіндігі өсті. Ашық ақпараттық кеңістіктегі коммуникация ең алдымен демократиялық қағидаларды көр­сетеді. Орталық сайлау комиссиясы өкілінің мәлім­де­месінен белгілі болған­дай, ақпараттық кеңістік пен сайлау алдындағы іс-шаралар арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, үгіт материалдарын шығару да онлайн платформалар арқылы да жүзеге асырылып келеді.

Тағы бір айта кетерлік жа­ңа­­лық, енді әрбір бұқаралық ақпарат құралының бір өкілі және телеарналардың үш өкіл дауыс беру күні қызметтік куә­лі­гін көрсетіп, сайлау учас­ке­сіне кіруге мүмкіндік алды. Бұл мінсіз мемлекеттік сая­сат­тың ашықтық қағидатына негізделгенін көрсетеді.

 

Айжан МОЛДАҒАЛИЕВА,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының аға сарапшысы