Көп қатарларымның керітартпалығына шыдамай, пікір таластырып қалатын кезім де жоқ емес. Бұл бізге берілген мүмкіндік деп түсінгеніміз жөн. Қоғам дамуын тың арнаға бұрып, өзіміз бен балаларымыздың өмірін жақсартуды қаласақ, саяси науқаннан қалыс қалмаған жөн. Жаңару мен жаңғырудың басы осындай қадамдардан басталады.
Бұл науқанға қызығып отырғанымның тағы бір себебі – оның бұрынғы сайлаулардан ерекшелігі. Қазір үгіт-насихат жұмыстары қызып, үміткерлер ел аралап жүр. Осылардың арасынан ел сенімін арқалауға лайық, аманатқа адал азаматтарды таңдау үшін де сайлаудан қалыс қалмағанымыз дұрыс.
Бізді отбасында қалыптасқан дәстүр бойынша дауыс беруге атам бастап апарады. Жолдасым екеуміз балаларды да ертіп аламыз. Осы арқылы олар болашақтарының өз таңдауларына тікелей байланысты болатынын ұғынғанын қалаймыз.
Балдырған МӘМЕН,
Қызылорда облысы кәсіпкерлер
палатасының баспасөз хатшысы