Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Қордайдағы кеден бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде қырғыз-қазақ шекарасындағы ұзын-сонар кезектің видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қордайдағы кеден бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды

Әлеуметтік желі қолданушылары қырғыз-қазақ шекарасындағы Қордай бекетінде база жаңартылғанын хабарлады. Бұл ретте шекарадан жаяу өткенде екі терезе ғана жұмыс істейді, бірнеше сағат кезекте тұруға тура келеді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құзыретіне жатады. Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы кезек себептерін білу үшін оларға хабарласу қажет», деді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

«Қордай» бақылау-өткізу бекетінде жеке тұлғалар негізінен автокөлікпен және жаяу өтеді, бұл тұлғаларды шекарадан өткізуді тек ҰҚК Шекара қызметі жүзеге асырады.

ҰҚК баспасөз қызметі түске дейін шекарада шығу және кіруге шынымен де ұзын-сонар кезек болғанын растады. Қазір ондай кезек жоқ.

ҰҚК шекарадан өту ережелері өзгермегенін, кезек адамдардың көптігінен болғанын айтты.