Теннис • 16 Наурыз, 2023

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің ширек финалына өтті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Елена жеңген болатын.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді. Есеп – 6:3. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдете түсті. Есеп – 5:0. Ақыры төртінші матчболын пайдалана алды. Есеп – 6:0.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50

Мал шаруашылығында өсім бар

Шаруашылық • Бүгін, 08:45