Оқиға • 16 Наурыз, 2023

Павлодар облысында екі тұрғын үйден өрт шықты

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында екі тұрғын үйден өрт шықты

Өрт сөндірушілер «Респиход» құтқару құрылғысын пайдалана отырып,  8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған.

Сондай-ақ Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер тұрғын үй пәтеріндегі өртті тез арада жойып, 14 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялаған. Өрттен 2 адам, соның ішінде пәтердің иесі құтқарылды. Екі жағдайда да өрт электр сымның қысқа түйықталуы салдарынан тұтанған.