Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Сенат Төрағасы сайлау қарсаңында үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазіргі үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Төрағасы сайлау қарсаңында үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді

Журналистер Сенат спикеріне «Осы үкімет құрамы жаңара ма әлде жұмысын жалғастыра ма? Мемлекеттің екінші лауазымындағы адам ретінде не айтар едіңіз?» деген сауал қойды.

«Конституциямызға сәйкес жаңа сайланған мәжіліс жұмысына кіріскен соң үкімет отставкаға кетеді. Жаңа үкімет жасақталады. Жаңа Премьер-министр мен министрлердің тағайындалуы Президенттің құзыретінде. Сондықтан бұған араласқан дұрыс болмайды. Кішкене күте тұрыңыздар. Келесі аптада бұл мәселелер шешіледі», деді Мәулен Әшімбаев.

Өз сөзінде Сенат Төрағасы Қазақстан үшін қиын кезеңде жұмыс істеген үкімет мүшелеріне сенім артатынын қоса айтты.

«Үкіметтің осындай қиын кезеңде жұмыс істегенін ерекше атап өткім келеді. Инфляция өсті, бюджеттің шығынын қысқарту қажеттігін де айттық. Көп мәселені айтып жатырмыз. Бұл жерде үкімет осы мәселелерді ескеріп, келесі жылдың бюджетіне келгенде осының барлығын бюджетте қарастырады деп сенеміз. Қазір үлкен сайлаудың алдында тұрмыз. Сондықтан қазір үкімет жұмысына баға беру дұрыс емес. Сайлау өткеннен кейін, тағайындаулар болғаннан кейін барлығы белгілі болады. Сол кезде осы сұрақты қойсаңыздар, өз бағамды беремін», деді Мәулен Әшімбаев.