Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Сенат ҚР Әлеуметтік кодексін қабылдады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палата отырысында екінші оқылымда қарап, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін қабылдады. Енді ол Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат ҚР Әлеуметтік кодексін қабылдады

Осыдан бір күн бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова құжатты депутаттарға таныстырды. Сөз барысында министр жаңа әлеуметтік саясат Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің бірі екенін атап өтті.

«Бұл өзгерістердің негізі назарларыңызға ұсынылып отырған Әлеуметтік кодекс жобасында көрініс тапты. Біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгерту ұсынылады: яғни ол әлеуметтік сын-қатерлердің салдарын жоюға емес, керісінше өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға көбірек бағытталатын болады. Екіншіден, әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету және соның арқасында әлеуметтік қолдауды алудың бүгінгі өтініш беру нысанынан, адресті анықтау нысанына және оны проактивті форматта көрсету жүйесіне көшу қарастырылған. Үшіншіден, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушіге және азаматтың  өзіне де жүктелетін болады. Бұл жаңа әлеуметтік контракт негізінде іске асырылады. Төртіншіден, нәтижелі және формальды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған сақтандыру жүйесін дамыту көзделіп отыр», деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар ЕХӘҚМ басшысы Әлеуметтік кодексті әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе мұқият зерделенгенін айтты. Соның нәтижесінде Әлеуметтік кодекстің құрылымы басшылыққа алынып, өз еліміздің ерекшеліктері жан-жақты ескерілді.