Төтенше жағдай • 16 Наурыз, 2023

Ақтөбе көшелерін де су басты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Авиатор шағын ауданында, Береке тұрғын үй алабында және Домбыра бау-бақша ұжымында жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе көшелерін де су басты

Аталған учаскелерді еріген қар суы басқаны байқалған еді. Арнайы органдар қабылдаған жедел шаралар нәтижесінде үйлерді су басу қаупі барынша азайтылды.

Өңір әкімі Ералы Тоғжанов жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі Сазды су қоймасына барды. Мамандар қазіргі жағдай туралы баяндап, су қоймасы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.