Президент • 16 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы Түркия президентіне алдағы сайлауда сәттілік тіледі

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Режеп Тайып Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы Түркия президентіне алдағы сайлауда сәттілік тіледі

«Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Режеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын. Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзім ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында, өте күшті. Осы жерде Режеп Тайып Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр», деді Президент.

Бұл ретте, Президент Режеп Тайып Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы барша түркі жұртын келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тұтас түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз бәрімізге бақ-береке әкелсін! Сонымен қатар Наурызбен тұспа-тұс келетін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуына орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар», деп тілегін білдірді Президент.