Президент • 16 Наурыз, 2023

Қазақстанда «Қазқұтқару» халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтеді

153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде сөйлеген сөзінде бірнеше маңызды мәселені атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «Қазқұтқару» халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтеді

Президент қиын кездерде бірігіп жұмыс істеудің маңызды екеніне тоқталып өтті.

«Бірінші. Біз табиғи апаттың алдын-алу үшін күш жұмылдыруымыз керек. Түркиядағы зілзала қауіп-қатерге қашанда дайын болу қажеттігін көрсетті. Сондықтан ұйым аясында Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынамын. Оны Алматыдағы Төтенше жағдайлар және алапат жер сілкіністерінің қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың негізінде ашуға болады. Бұл орталықты 2016 жылы Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері құрған. Бірлескен күшке Ұйымның Азаматтық қорғаныс хатшылығы мәртебесін берген жөн деп санаймын. Ол апаттан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жұмыстарын үйлестіретін болады. Осы құрылым аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады», деді ол.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркияға көмек көрсетуді жалғастыратынын айтып, құтқарушылардың күші мен техникалық жабдықтарды әзірлеуді тапсыратынын мәлімдеді.

«Екінші. Түркияда болған жер сілкінісі табиғи апаттың алдын алу және оның салдарын жою үшін өзара іс-қимылды үйлестіру қажеттігін көрсетті. Бұл туралы «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатында нақты айтылған. Сондықтан іздестіру және құтқару қызметтерінің дайындығын күшейтуіміз қажет. Осы мақсатта елдеріміздегі Төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен техникалық құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынамын. Бұл шара қиын-қыстау сәтте шұғыл әрекет етіп, апаттың салдарын жою үшін іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік бермек», деді Президент

Мемлекет басшысы бұл жағдайдан сабақ алып, апаттың алдын алу шараларын ұйымдастыруға мүдделі екенін айтып, ұйымға мүше елдерді аталған іс-шараға қатысуға шақырды.

«Үшінші. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ақпарат бөлісіп, құтқарушылардың тәжірибе алмасуы өте маңызды. Биыл күзде Қазақстанда «Қазқұтқару» халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ұйымға мүше елдердің құтқару қызметтерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамын. Сол кезде осы салаға жауапты мекеме басшыларының алғашқы басқосуын өткізуге болады», деп қорытындылады Президент.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше