Спорт • 16 Наурыз, 2023

Гран-при Нью-Делиде өтеді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 наурыз бен 6 сәуір аралығында Үндіс­танның бас шаһары – Нью-Делиде шахматтан әйелдер ара­сындағы Гран-при турнирінің үшінші кезеңі өтеді.

Гран-при Нью-Делиде өтеді

Аталған жарыста Чжу Цзиньэр (2489 ұпай, Қытай), Катерина Лагно (2560, Ресей), Хампи Конеру (2576, Үндістан), Алек­сандра Горячкина (2576, Ресей), Нана Дзаг­нидзе (2525, Грузия), Элизабет Петц (2474, Гер­мания), Харика Дронавалли (2511, Үндіс­тан), Полина Шувалова (2484, Ресей), Сара­садат Хадемальшариех (2490, Иран) және Нино Бациашвили (2489, Грузия) сынды әлемдік деңгейде мойындалған ойыншылар өнер көрсетеді. Бақ сынаушылар қатарында бірқатар аса ірі халықаралық додада дараланған қазақтың қос қызы – Жансая Әбдімәлік (2497) пен Бибісара Асаубаева да (2440) бар.

Ал одан кейін Гран-придің соңғы кезеңі Польшаның Быдгош қаласында ұйымдас­тырылады. Осы жарыстарда үздік шыққан екі шахматшы ФИДЕ-нің «Үміткерлер тур­ниріне» қатысу құқығына ие болады.