Спорт • 17 Наурыз, 2023

Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Еуропа лигасының 1/8 финалының барлық матчы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды

Турнирдің ширек финалына сегіз команда жолдама алды.

Олардың арасында «Спортинг» (Португалия), «Севилья» (Испания), «Байер» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Фейенорд» (Нидерланды), «Юнион» (Бельгия), «Ювентус» және «Рома» (Италия) бар.

Ал Еуропа лигасының осы маусымдағы фавориті болып саналған лондондық «Арсенал» жарыс жолынан шығып қалды. Айта кетейік, жеребе тарту рәсімі бүгін, 17 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.