Бокс • 18 Наурыз, 2023

Алуа Балқыбекова қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді

57 рет көрсетілді

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері А. Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда сингапурлық Кей Ван Чи Ваймен шеберлік байқасты.

Алуа қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Төрешілер есебі – 5:0.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ Римма Волосенко Өзбекстан спортшысын жеңді.

Қарсыласын нокаутпен ұтқан Фариза Шолтай 1/4 финалға шықты.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандықтың рингке шығатыны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар