Түркі академиясы жарыққа шығарған «GLOBAL-turk» халықаралық журналының тұсауы елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында кесілді. Бұл басылым түркітанумен ғана шектелмейді. Ол Еуразия кеңістігіндегі түркі әлемінің өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеу мақалалар мен түркі интеграциясы туралы терең ізденістерді де жариялап тұрмақ.
Өткен айдың басында Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің саммитінде аталған академияға түркі әлемі елдерінің интеграциясы жолдарын айқындау үшін бағдарлама әзірлеу тапсырылған болатын. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаев мүше елдердің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру ұсынысын да жасап еді. Жарық көріп отырған ақпараттық-талдамалық «GLOBAL-turk» журналы осы міндеттерді жүзеге асыруды көздеп отыр.
Түркі академиясының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, екі айда бір рет жарық көретін бұл халықаралық басылымға Түркі Кеңесіне мүше елдердің тілдерінде (қазақ, түрік, әзербайжан және қырғыз), сонымен қатар, ағылшын және орыс тілдерінде мақалалар қабылданады. Журналдың алғашқы санында Қазақстан, Германия, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан елдері ғалымдарының тарих, түркітану, ұлттық болмыс, Орта Азия саясаты, Еуразия жайы, дін, тағы басқа мәселелерге қатысты салмақты дүниелер жарияланған.
«Егемен-ақпарат».

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше