Сайлау • 19 Наурыз, 2023

СҚО-да 631 сайлау учаскесі ашылды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында таңғы сағат 7:00-де 631 сайлау учаскесі ашылды. Дауыс беруге облыстың 384 мыңнан астам тұрғыны қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да 631 сайлау учаскесі ашылды

Петропавл қаласы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында орналасқан №586 учаскесінде 1284 сайлаушы тіркелген.

«Алғаш рет сайлау учаскесінде бес адам дауыс берді. Ең қарт сайлаушы 94 жаста. Жасырын дауыс беруге арналған алты кабина жабдықталды», деді сайлау учаскесінің төрағасы Галина Митрофанова.

Г.Митрофанова әдетте аға буын өкілдері бірінші болып дауыс беретінін айтады. Учаскеде 580 зейнеткер тіркелген.

Бірінші болып дауыс беріп, сайлауға алғаш рет қатысқандар символикалық сыйлықтарға ие болады.

Петропавлда барлығы 97 сайлау учаскесі бар.

Облыс бойынша бір мандатты аумақтық округтер бойынша облыстық мәслихаттың 15 ауданында – 53, қаланың 18 ауданында – 53 және аудандық мәслихаттың 145 округінде – 450 кандидат тіркелді.