Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Жауынгерлер дауыс берді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға Қонаев гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде қызметі мен борышын атқарып жүрген 5 мыңнан астам жауынгерлер де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жауынгерлер дауыс берді

Офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс берді. Бір мезгілде бірнеше әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметшілері үшін десанттық-шабуылдаушы бригаданың аумағында сайлау учаскесі ұйымдастырылды.

Олардың арасында бірінші рет дауыс бергендер де болды. Солардың бірі, қатардағы жауынгер Данил Иваницкий.

«Биыл сайлауға алғаш рет қатыстым. Мен мақтанышпен дауысымды қуатты, тұрақты, гүлденген ел үшін, болашаққа сенім үшін бердім. Бүгін сайланған депутаттар мемлекетіміздің одан әрі дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосатынына сенімдімін», дейді жауынгер Данил.

Ф