Үкімет • 19 Наурыз, 2023

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетуге өтініш береді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл Мәжілістің жаңа құрамын таңдаудағы стандартты рәсім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетуге өтініш береді

Бұл туралы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін Премьер-министр мәлімдеген.

«Жаңа Премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине біз кез келген өзгеріске дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз», деді Премьер-министр.

Бұдан бөлек Әлихан Смайылов Үкіметтің өте қиын жағдайда жұмыс істегенін атап өткен.

Енді Әлихан Смайылов бастаған Министрлер кабинеті жаңа Үкімет жасақталғанша өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025