Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Таяу Шығыс пен Кавказда сайлау учаскелері ашылды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай және Маскатта сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяу Шығыс пен Кавказда сайлау учаскелері ашылды

Сонымен қатар Ереван, Баку, Астрахань, Тбилиси қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы басталды.

Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 32 мың 550 адам бар.

Кейбір елдердегі уақыт белдеуіне байланысты дауыс беру Қазақстанға қарағанда ерте басталды. Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.

Астана уақыты бойынша сағат 05:00-де (жергілікті уақыт бойынша 07:00-де) Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде және Шанхай және Гонконг қалаларындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарында сайлау учаскелері құрылды.

Сондай-ақ қазақстандықтар Кореяда, Омбыда, Бішкек пен Делиде, Ташкент, Ашхабад, Исламабад және Душанбеде дауыс бере бастағаны хабарланды.