Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Мұнайлы ауданында 5 жасар үшемнің ата-анасы таңдау жасады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округінде тұратын «Күміс алқа» иегері Гүлсара Вапаева сайлау учаскесіне 5 жастан асқан үшем Ербол, Нұрбол, Іңкәрмен бірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнайлы ауданында 5 жасар үшемнің ата-анасы таңдау жасады

«Бүгін ерте тұрып, сайлауға келдік. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп таптық. Өйткені балаларымыздың ертеңі бүгін сайланатын депутаттарға, олар қабылдайтын заңдарға тікелей байланысты. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық»,  дейді алтын құрсақты ана.

Бүгінде Гүлсара Вапаева үлкен шаңырақтың түтінін жағып отырған аяулы келін, ардақты ана. Алты баласы бар. Ұл-қыздарының алды 5-сыныпта оқыса, кішісі бесікке бөлеулі. Саяси науқанда белсенділік танытқан үшемдердің ата-анасына естелік сыйлықтар табысталды. Мұнайлы ауданында дауыс беруге келіп жатқан көпбалалы аналардың қарасы қалың. Батыр ауылының тұрғыны, 4 баланың анасы Моншақ Уәлиева N214 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Еліміз үшін маңызды саналатын саяси науқанда ешқайсымыз қалыс қалмауға тиіспіз деп ойлаймын. Үкімет тарапынан қолдау көп, ай сайын жәрдемақыны тұрақты алып тұрамыз. Бұдан бөлек, жаңа туған аналарға жәрдемақы мөлшері артты, мектеп жасындағы балалар да тыс қалмады. Жақсы бастамалар жалғасын таба берсін», дейді ол.