Талғат Амангелдіұлы осыған дейінгі сайлау процесіне аса қатты қызығушылық танытпағандығын тілге тиек етіп, осы сайлаудың өзгеше екендігін айтты. Өз таңдауын жасап, ел мүддесі үшін дауыс берген қоғаммен байланыс маманы өз пікірін білдірді. Талғат Амангелдіұлы осыған дейінгі сайлау процесіне аса қатты қызығушылық танытпағандығын тілге тиек етіп, осы сайлаудың өзгеше екендігін айтты. Өз таңдауын жасап, ел мүддесі үшін дауыс берген қоғаммен байланыс маманы өз пікірін білдірді.
«Өз дауысымның кандидаттар үшін маңызды екені мәлім. Бұған дейін сайлау процесіне аса қатты қызығушылық танытпадым. Бұл саяси дода бұрынғыдан өзгерек. Себебі бір мандатты округ бойынша өзін-өзі ұсынып жатқан кандидат көп. Оның ішінде мұнайшылар да бар. Елдің болашағын ойлаған әрбір азамат өзі тіркелген сайлау учаскесіне барып, саналы түрде өз таңдауын жасауға тиіс», дейді Талғат Сатыбалды.